25/11/2019
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жолаушылардың барлық санаттары үшін әуе көлігімен тасымалдаудың қолжетімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Азаматтық авиация комитеті «AUTISM KAZAKHSTAN» ұлттық қауымдастығының төрағасы Нұргүл Балтабайқызымен менталдық ауытқулары бар (аутизм, Даун синдромы, даму ауытқулары, психо-сөйлеу дамуының тежелуі) балалар үшін әуе көлігімен тасымалдаудың қолжетімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша кездесу өткізді.
Қауымдастықтың ақпараты сәйкес қазіргі уақытта Қазақстанда аутизм синдромы бар 3 мыңнан астам бала тіркелген және бұл мәселе өте өткір болып тұр. Болжамды деректерге сәйкес әуе көлігін пайдаланатын менталдық ауытқулары бар жолаушылар санаты өсетін болады.
Сондай-ақ, кездесуге "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, тұрақты коммерциялық жолаушылар тасымалын орындайтын барлық қазақстандық әуе компаниялардың өкілдері, жолаушыларға қызмет көрсету процесіне тікелей тартылған қазақстандық ірі әуежайлардың өкілдері шақырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша авиация саласының өкілдеріне әуежайлар мен әуе компаниялардың қызметкерлерін ақпараттандыру, оның ішінде жаднаманы әзірлеу, халықаралық тәжірибені зерттеу, менталдық ауытқулары бар жолаушыларға қызмет көрсету кезінде қызметкерлерді оқыту мүмкіндігіне талдау жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі барлық санаттағы жолаушылар үшін әуе көлігімен тасымалдау үшін қажетті жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.