Кіру

Басты бет >
Мемлекет басшысы Вьетнам вице-президенті Ву Тхи Ан Суанмен Қазақстан мен Вьетнам арасында әуе рейстерінің ашылуын талқылады

13/10/2022

Кездесу Астанада өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті шеңберінде өтті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті АӨСШК жұмысына белсенді қатысқаны үшін Вьетнам тарапына алғыс айтып, екі ел арасындағы табысты ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Тхи Ань Суан өзара сауда-экономикалық іс-әрекеттің табысты дамып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстан мен Вьетнам халықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығая түскенін, екі ел арасындағы әуе қатынасын ашу туралы айтты.

Сондай-ақ сауда, туризм, аграрлық, көлік-логистикалық және қаржы салаларындағы байланыстарды күшейту үшін мол әлеует бар екеніне назар аударылды.