Кіру

Басты бет >
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы авиациялық құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы заңға қол қойды

25/01/2023

Аталған келісім апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару үшін мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы азаматтық әуе кемелерін авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.
Аталған келісімнің негізгі міндеттері – апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару үшін өзара ынтымақтастықты нығайту.
Сонымен бірге қабылданған құжатта өзара іс-қимылдың нақты алгоритмі мен іздестіру және құтқару аудандарының шекаралары қарастырылған. Атап айтқанда, авиациялық оқиғалар туралы өзара хабарлау, жолаушыларды іздеу және құтқару жөнінде қажетті шаралар қабылдау, іздестіру-құтқару қызметтерінің бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу, сондай-ақ ақпарат және тәжірибе алмасу.