15/09/2021
Қазақстанда алғаш рет “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) стандарттары мен ұсынылған практикасына сәйкес “Авиациялық және ғарыштық медицина” мамандығы бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби даярлығын ұйымдастырды.
“Авиациялық және ғарыштық медицина” мамандығы Қазақстан үшін ең жас мамандық, алайда Қазақстанда мемлекеттік егемендік алған жылдары ICAO талаптары бойынша авиациялық және ғарыштық медицинаның білікті дәрігерін даярлау тек шетелде жүзеге асырылды.
“Қазақстан-Ресей медициналық университеті” ҰҚУ қолдауымен бағдарламалар бойынша циклдер өткізілді:
1. “Авиациялық медициналық сарапшылардың алғашқы дайындығы (авиациялық медицинадағы BASIC TRAINING COURSE)”. 6 маман даярланды;
2. “Part-MED 0.15 талаптарына сәйкес авиациялық медициналық сарапшыларды даярлау. Тереңдетілген курс”. 4 маман даярланды.
Осы бағдарламалар “Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы” ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген “Авиациялық және ғарыштық медицина” пәні бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, дағдылар мен құзыреттердің мазмұны мен көлемін айқындайды.
Бағдарламалар оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды біріздендіреді, дәрігерлерге қосымша медициналық білім беру сапасына қол жеткізуге, авиация дәрігеріне қажетті авиациялық медицина бойынша дағдылар мен біліктілікті тұжырымдауға бағдар береді және кейіннен оған авиациялық медициналық сарапшы болып тағайындалуға құқық береді.
“Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ алдағы уақытта “Авиациялық және ғарыштық медицина” мамандығы бойынша мамандарды қайта даярлауды жүргізуді, авиациялық-ғарыш саласында жұмыс істейтін дәрігерлерді тұрақты түрде оқытуды және біліктілік деңгейін арттыруды, жақын және алыс шетелдердің азаматтық қана емес, мемлекеттік авиация дәрігерлері үшін даярлықтың қолжетімділігін кеңейтуді жоспарлап отыр.