18/04/2025
Германияның Кельн қаласында EASA сарапшылары Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ұшуға жарамдылық, ұшуды пайдалану, халықаралық қатынастар және ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратты жинау және өңдеу департаменттерінің мамандарымен бірлесіп, Қазақстанның нормативтік құқықтық актілері мен Еуропалық комиссияның № 965/2012 Регламентінің талаптары арасындағы айырмашылықтарды талдады, сондай-ақ Еуропалық Одақтың «Шетелдік әуе кемелерінің қауіпсіздігін бағалау» бағдарламасының талаптарын іске асыру жөніндегі жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізді.
Анықтама:
Бүгінгі таңда Еуропалық Одақтың шетелдік әуе кемелерінің қауіпсіздігін бағалау бағдарламасына 50 Еуропалық Одақ және шет елдер кіреді. «Шетелдік әуе кемелерінің қауіпсіздігін бағалау» бағдарламасы (SAFA) - бұл шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелерінде перрондағы тексеруді жүзеге асыруға қатысты еуропалық бағдарлама, ол негізінен әуе кемесінің құжаттамасы мен нұсқаулықтарына, ұшу экипажының лицензияларына, әуе кемесінің сыртқы жай-күйіне және кабинаның міндетті ұщу қауіпсіздігі құралдарының болуы мен жай-күйіне қатысты тексеріс өткізеді.
Елеулі сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, тексерілетін әуе кемесі үшін ғана емес, сондай-ақ сәйкессіздік әсер етуі мүмкін басқа әуе кемелері үшін де түзету шараларын қабылдау үшін авиакомпанияға және тиісті елдің авиация құзырлы органына (әуе компанияның орналасу мемлекеті немесе тіркелу мемлекеті) хабарласады. Шетелдік әуе кемелерінің қауіпсіздігін бағалау есептерінің (SAFA) барлық деректері, EASA жасаған және басқаратын дерекқорда пайдаланылады және орталықтандырылады.