Кіру

Басты бет
Ұлыбританияның авиациялық билік органдарымен ынтымақтастық туралы

30/09/2025

ИКАО Ассамблеясының 42-сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Ұлыбритания делегациясының басшысы, Ұлыбритания Азаматтық авиация басқармасының (CAA UK) бас директоры Ранния Леонтаридимен кездесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуді, соның ішінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы 5-ші дәрежедегі «әуе еркіндігін» пайдаланатын рейстер жиілігін арттыруды талқылады.

Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестігі 82 пайызды, авиациялық қауіпсіздік бойынша 83 пайызды құрайтыны айтылды.

Елдегі он сегіз әуежай халықаралық мәртебеге ие, олардың барлығы «ашық аспан» режимінің бөлігі болып табылады және бесінші дәрежедегі «әуе еркіндігін» пайдаланады.

Салтанат Томпиева Қазақстанның Ұлыбританиямен әріптестігін жоғары бағалайтынын және азаматтық авиация саласындағы жаңа бірлескен бастамаларға ашық екенін атап өтті.