23/08/2021
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 16 тамыздағы шешіміне сәйкес Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тұрақты әуе қатынасы жаңартылады.
2021 жылғы 18 қыркүйектен бастап “Эйр Астана” әуе компаниясы Нұр-Сұлтан және Лондон қалалары арасында аптасына 2 рет жиілікпен рейстерді орындауды бастауды жоспарлап отыр.
Рейстер әуе компанияның ресми сайтында жарияланған кестеге сәйкес сәрсенбі және сенбі күндері А321LR типті әуе кемесінде орындалатын болады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатынын атап өтеміз.