04/04/2023
2023 жылғы 4 сәуірде Lufthansa Consulting «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ қолдауымен Астана қаласында «Әуежайдың бас жоспарын әзірлеу»семинарын өткізді.
2023 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстанда халықаралық әуежайларда бас жоспарлау туралы талап күшіне енді.
Семинар Қазақстандағы әуежай пайдаланушыларға бағытталды және халықаралық стандарттарға сәйкеселдегі әуежайларды дамыту жоспарларына қойылатынжаңа талаптарға және әуежайдың бас жоспарынәзірлеуге Lufthansa Consulting ұсынған тәсілге арналды.
Интерактивті пікірталастар мен сала сарапшыларымен тәжірибе алмасу барысында семинарға қатысушылар әуежайларды жоспарлау мен жобалаудың озық тәжірибесін зерделеп, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін әуежайдың кешенді Бас жоспарын қалай құру керектігі туралы түсінік алды.
Семинар қатысушыларға Қазақстанның авиация саласының тұрақты дамуына ықпал ететін жәнехалықаралық стандарттарға сай келетін әуежайлардың бас жоспарларын әзірлеу үшін жаңа дағдылар мен білім алуға мүмкіндік берді.