19/05/2021
“100 нақты қадам” Ұлт жоспарының 68-қадамын іске асыру үшін соңғы екі жыл ішінде авиациялық заңнамаға өзгерістер енгізілді. Бүгінгі күні “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ (бұдан әрі – ҚАӘ) елдегі ұшу қауіпсіздігін реттеуді трансформациялаудың осы маңызды бөлігін іске асыруда тағы бір маңызды қадам жасап отыр.
Бүгінгі күні ұлттық әуе тасымалдаушы “Эйр Астана” АҚ Арубада тіркелген ұшақтарын пайдаланады және лицензиялау, ұшу жарамдылығы мен ұшу құрамын сертификаттау негізінен осы елде жүзеге асырылады. Бұл әуе компанияның Еуропаға маңызды рейстерді жүзеге асыруы үшін “қара тізім” кезеңінде қажет болды. Бүгінде 2024 жылы Қазақстанның тізілімінде заманауи әуе кемелерін тіркеуге мүмкіндік беретін өзгерістер басталды.
Бүгін жасалған келісімдер “Эйр Астанаға” EASA нормативтік стандарттарына сәйкес келуі үшін қажетті жағдайлар жасау үшін екі жылға жуық уақыт алатын екі кезеңдік процесс шеңберінде өзінің әуе флотын Ирландия тізіліміне ауыстыруды бастауға мүмкіндік береді Екі келісімге қол қойылады. Біріншісі – Ирландияның авиациялық билік орындарымен (IAA) серіктестікте әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін IAA 83bis келісімі. Екіншісі – EASA нормативтік стандарттарын қолдану үшін техникалық еуропалық заңнаманы әзірлеуге, оқытуға және енгізуге көмек көрсету үшін қызметкерлерді Қазақстанда орналастыру туралы UKCAAi-мен қолданыстағы келісімді EASA және IAA-мен жаңа келісіммен ауыстыру туралы келісім.
Чикаго конвенциясының 83bis бабына сәйкес ҚАӘ IAA-мен құрғақ лизинг шарттары бойынша қазақстандық әуе компаниялар пайдаланатын Ирландияда тіркелген әуе кемелерін бақылау және қадағалау жөніндегі міндеттерді беру туралы келісімге қол қойды.
Қол қою рәсіміне ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, ҚАӘ Бас директоры Питер Гриффитс, IAA директоры Диармуд О’Конгэйл қатысты.
Осы келісімге қол қою ҚАӘ ұйымдық құрылымы мен процестерін құруға бағытталған Британдық авиациялық реттеушімен (UKCAAi) келісімшарт шеңберінде бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының авиациялық билік орындары жүргізген жұмыс қамтамасыз етті. ҚАӘ енді EASA-мен ынтымақтастыққа бағытталған жаңа келісімге көшеді. 83bis келісіміне қол қою өте ұзақ тексеру және ескертулерді жою процесінің нәтижесі болып табылады, оны орындау үшін алты ай қажет болды.
Осы келісім шеңберінде тараптар қазақстандық әуе компаниялар пайдаланатын әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қадағалауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша тығыз ынтымақтасатын болады. Сондай-ақ, 2023 жылдың соңында немесе 2024 жылдың басында күтілетін ИКАО аудитінен өтуге қолдау көрсетеді. Соның аясында ҚАӘ қол жеткізілген прогресті бағалау үшін ағымдағы жылдың тамыз айында ИКАО-ның валидациялық тексеруінен өтеді.
Эйр Астана әуе компаниясы Аруба тізілімінен Ирландияның азаматтық әуе кемелерінің тізіліміне алғашқы әуе кемесін өткізуді ағымдағы жылдың тамыз айында бастауды жоспарлап отыр. Эйр Астана әуе кемелерінің авиациялық тіркеу префиксі Р4-тен (Аруба) EI (Ирландия) болып өзгертіледі.
Ирландия Еуропалық Одаққа мүше мемлекет болып табылады және Ирландияның авиациялық билігінің жұмысы жүзеге асырылады еуропалық талаптарға сәйкес және Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) бақылауымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Ирландиядағы ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейі елдегі ИКАО соңғы аудитінің нәтижелері бойынша 95% құрады.
Осыған байланысты Ирландия тарапымен 83bis келісіміне қол қою Ұлт жоспарының 68-қадамы шеңберінде Қазақстан Республикасының авиациялық билік орындарының басқарудың жаңа моделіне көшу бойынша жүргізіп жатқан жұмысының жоғары деңгейде танылғанын көрсетеді. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бұл қадамды орындау бойынша жұмысты еуропалық стандарттарға кезең-кезеңімен көшу арқылы жалғастырады.
Ирландияның авиациялық билік орындарымен ҚАӘ-н техникалық қолдау туралы қол қойылған келісім ұшуды пайдаланудың (OPS), ұшуға жарамдылықтың (AIR) және авиаперсоналды (PEL) лицензиялаудың негізгі операциялық мәселелері бойынша EASA-мен ынтымақтастық шеңберінде жоспарланады.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс: “Бұл келісім ҚАӘ-не өз қызметкерлерінің құзыреттілігі мен біліктілігін арттыруға, сондай-ақ Ирландия авиациялық билігінің үздік тәжірибесін қабылдауға мүмкіндік береді. Осы келісімге қол қою ИКАО талаптарына сәйкес келуге мүмкіндік беретін ұшу қауіпсіздігінің 80 пайыздық деңгейіне қол жеткізуді мақсат еткен Қазақстанның авиациялық әкімшілігін қолдауға бағытталған”.
Келесі 36 ай ішінде Ирландия реттеуші органының сарапшылары ҚАӘ-не еуропалық нормативтік стандарттар мен басқару жүйесінің компоненттерін әзірлеуге және енгізуге, инспекция жүргізуге және алдағы аудиттерге дайындыққа көмектесетін болады (ИКАО, FAA Сat 1). Сондай-ақ операциялық мәселелер бойынша техникалық консультациялар жүргізіледі, ҚАӘ авиация инспекторларын тренингтер және озық тәжірибемен алмасу ұйымдастырылады.
Бүгін ҚАӘ және Ирландияның авиациялық билік орындары қол қойған келісімдер әлемдік авиациялық қауымдастығына Қазақстанның елдегі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру бойынша қол жеткізген прогресі туралы көрсетеді.