Кіру

Басты бет >
Күзгі-қысқы кезеңде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету

05/12/2020

Күз бен қыс мезгілдерінде Қазақстан аумағында ауа температурасы күрт төмендейді, жауын-шашынның, қардың және қырау басады. Ұшақтардың сыртына мұз, қар немесе қырау қатып, бұл әуе лайнерінің ұшу мүмкіндіктерін айтарлықтай нашарлатады. Атап айтса, ұшақтың қанаттарының көтеру қуаты төмендеп, салдарынан ауа ағымы ауытқып, тұмсығына түсетін кедергі артады. Сонымен қатар, қардың немесе мұздың қатуы әуе кемесінің механизациясының кептелуіне әкелуі мүмкін, нәтижесінде қауіпті жағдай туындауы мүмкін.

Әуе кемесінің қауіпсіз ұшуын қамтамасыз ету үшін, ондағы қатып қалған қар мен мұзды тазалап тастау қажет. Әуе көліктерінің көлденең және ұзына бойына қатқан қар мен мұз арнайы сұйықтық – мұздың қатуына қарсы сұйықтықпен өңделеді.

Әуе кемесін мұз қатуына қарсы өңдеуге кіріспес бұрын әуе компаниясының немесе қызмет көрсетуші провайдердің білікті маманы ұшақтың сыртына қар не мұз қатқан-қатпағанын тексереді. Ұшуды жүзеге асырғанға дейін әуе кемесі «таза әуе кемесі тұжырымдамасына» сәйкес болуы тиіс. Толығырақ бейнероликте