Кіру

Басты бет >
Кувейттен Түркістанға жаңа рейс іске қосылады

10/11/2022

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстанға/одан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазақстан Республикасы мен Кувейт мемлекетінің авиациялық билігі арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде «Jazeera Airways» Кувейт лоукостері ағымдағы жылдың 3 желтоқсанынан бастап Кувейт – Түркістан бағыты бойынша ұшуларды орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Кувейт астанасы мен түркі әлемінің рухани орталығы арасындағы тұрақты жолаушылар рейстері сейсенбі және жексенбі күндері Airbus A-320 типті әуе кемесінде аптасына 2 рейс жиілігімен орындалатын болады.

Рейстер санының ұлғаюы және ұшу географиясының кеңеюі Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал ететін болады.