Кіру

Басты бет >
Көші-қон, адам саудасына қарсы күрес және авиациялық қауіпсіздік мәселелері туралы

10/09/2024

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мамандары БҰҰ Халықаралық көші-қон ұйымымен ынтымақтастық шеңберінде мигранттарды заңсыз әкелуге/әкетуге қарсы іс-қимыл, адам саудасына қарсы күрес, формальдылықтарды оңайлату мен авиациялық қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналған кеңеске қатысты.

Кеңеске қатысушылар-мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері және көші-қон саясаты жөніндегі сарапшылар адамдарды қанау мақсатында тасымалдаудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі шараларды талқылай отырып, шекараларда осындай қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мүмкіндіктерін қарастырды.

Қазақстан Республикасының авиациялық көлік саласындағы заңнамасына адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды, бұл осал топтарды қорғауда және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды қадам болады.

Өзекті тақырыптардың қатарында формальдылықтарды оңайлату мен авиациялық қауіпсіздік мәселелері де күн тәрібінде болды. Шекарадан өтетін жолаушыдарды бақылау мен тексерудің нысандары мен әдістерін, жаңа механизмдері талқыланды.

Сарапшылар формальдылықтарды авиациялық қауіпсіздікке нұқсан келтірместен оңайлату мигранттарды мемлекеттік шекара арқылы заңсыз әкелуге/әкетуге қарсы іс-қимылдың, адам саудасына қарсы күрестің және көліктегі қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылатынын атап өтті.

Жиналыста БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы ынтымақтастық стратегиясының жобасы ұсынылды. Инновациялық технологияларды енгізу, қызметкерлерді оқыту және мемлекеттік және халықаралық құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты күшейту мәселелеріне басты назар аударылды. БҰҰ Халықаралық көші-қон ұйымының өкілдері Қазақстанның заңнамалық нормаларына өзгерістер енгізу процесінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайынғын білдірді.

Жиналыс қорытындысы бойынша ұлттық заңнамаға, оның ішінде авиациялық қауіпсіздік саласында халықаралық стандарттарды одан енгізу бойынша ұсынымдар әзірленді. Бұл шаралар мигранттарды мемлекеттік шекара арқылы заңсыз әкелуге/әкетуге қарсы іс-қимылдың неғұрлым тиімді жүйесін құруға, адам саудасына қарсы күреске және Қазақстан Республикасы азаматтарының және тұтастай алғанда халықаралық қоғамдастықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.