Кіру

Басты бет
Көлік қызметкерлерінің төл мерекесі құтты болсын!

02/08/2025

Қазақстанның көлік саласы үздіксіз логистиканы, аймақтық коммуникацияларды және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етіп, экономиканы дамытуда шешуші рөл атқарады. Жоғары білікті мамандардың еңбегінің, кәсібилігімен жауапкершілігінің арқасында еліміздің көлік жүйесінің тұрақты және қауіпсіз жұмысы қамтамасыз етілуде.
Сіздерге зор денсаулық, жаңа кәсіби жетістіктер, табысты жобалар  тілейміз!
Еңбектеріңіз әрқашан алға басып, саланың тұрақты дамуының іргетасы болуына тілектеспіз!
 
Көлік қызметкерлері күні қарсаңында Мемлекет басшысының жарлығымен еліміздің көлік саласын дамыту, инфрақұрылымын қалыптастыру және жаңғыртудағы үлкенүлесі үшін марапатталғандар:
 
«Парасат» орденімен
 
Ағабек Әйденов – «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ сантехникалық жүйелерінің инженері
 
«Құрмет» орденімен
 
Олег Чеканов – «SCAT» әуекомпаниясы» Шымкент қаласындағы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетужелілік стансасының бастығы
 
Талғат Ластаев – ҚР көлік вице-министрі


 Адимолда Радильбек - «Бурундайавиа әуекомпаниясы» АҚ стратегиялық даму жөніндегі вице-президенті
 
Глухов Юрий Васильевич  –  «Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының диспетчері-нұсқаушысы
 
Кузнецов Виктор Николаевич –  «SCAT» әуе компаниясы» АҚ нұсқаушысы
 
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
 
Балицкий Виктор Юрьевич – «Эйр Астана» АҚ нұсқаушысы
 
Мавланов Инагамжан Махаметалиевич – «Аэропорт Шымкент» АҚ көлік жүргізушісі 
 
Пірманова Нұрзейнеп Жаңабекқызы  – «Шымкент әуежайы» АҚ ұшу аппараттарын жуушысы
 
Тұрлыбеков Мұхтарбек Шекербекұлы – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық аға инспекторы
 
Юрий Оленев – «FlyArystan» АҚ-ның Қарағанды қаласындағы әуежайда қызмет көрсету жөніндегі менеджері
 
Василий Устименко – «Өскемен әуежайы» АҚ арнайы көлік қызметінің жедел медициналық көмек көрсету, аэродром және шаруашылықпен қамтамасыз ету кешенді колоннасының тракторлы техника машинисі.
 
Александр Ершов – «Air Astana» АҚ-ның Әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету жөніндегі аға инженері
 
Игорь Карлин – «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ жылыту, желдету және ауаны баптау жүйесінің жетекші инженері
 
Сейткеров Ерлан Сейткерұлы – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ басқарма басшысы
 
Кисекова Гүлмира Қазбекқызы - «QAZAQ AIR» АҚ бас бухгалтері
 
Щербинин Павел Николаевич - «Көкшетау әуежайы» ұшулардың электрлік жарықтандыру қызметінің электригі
 
Авдеев Олег Алексеевич - «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ аэронавигация департаментінің директоры