01/10/2024
ИКАО аймақтық ұшу қауіпсіздік тобының (RESG) демеушілігімен ұйымдастырылған Сапа менеджменті жүйелері (СМЖ) бойынша ИКАО ұшу қауіпсіздікті қадағалау семинары 2024 жылғы 24-27 қыркүйек аралығында Болгария, София қаласында өтті.
Семинар саланың мүдделі тараптары мен қызмет жеткізушілері үшін қолданыстағы авиациялық ережелерде талап етілетіндей, СМЖ немесе СМЖ белгілі құрамдастарын бастапқы сертификаттауға немесе бекітуге және тұрақты бақылауға қатысатын авиациялық органдардың инспекторларына/сарапшыларына арналған. Семинар ҚАӘ өкілдері EUR Doc 048 «АВИАЦИЯДА САПА БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҮЙЛЕСТІРІЛІП ЕНГІЗУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ САТТЫҚ БАСҚАУ» және Сапа менеджменті жүйелерін бағалау құралын әзірлеуге белсенді қатысқан жобалық топ жұмысының нәтижесі болды.
Аймақтық ұшу қауіпсіздік тобының отырысында келесі мәселелер талқыланды: EASPG нәтижелерін шолу, Он төртінші ИКАО аэронавигациялық конференциясының (ANC/14) нәтижелерін шолу, оның ішінде жаһандық ұшу қауіпсіздік жоспарын жаңарту жөніндегі ұстаным (GASP), Еуропалық ұшу қауіпсіздік жоспарына шолу (EUR RASP) 2024, Еуропалық ұшу қауіпсіздік жоспарындағы (EUR RASP) басқару процедураларына түзетулер, ұшу қауіпсіздіктің жүйелік мәселелері, іске асыруды қолдау жөніндегі іс-шараларға арналған ұсыныстар, соның ішінде ұшу қауіпсіздікті насихаттайтын материалдармен алмасу және басқа да қауіпсіздік мәселелері.
Іс-шараларға ИКАО Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық (EUR/NAT) аймағына мүше елдердің авиациялық билік органдарының мамандары, оның ішінде Ұшу қауіпсіздігін басқару, сапа, стратегия және стандарттарға сәйкестік департаментінің Сапа және сәйкестік бөлімінің бастығы Бауыржан Бәкіров және Ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратты жинау және өңдеу бөлімінің аға авиация инспекторы Арайлым Раймжанова қатысты, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдардың (EUROCONTROL, IFALPA, FAA, IATA, EASA) өкілдері қатысты.