04/03/2020
Қазақстан Республикасының Үкіметі коронавирустың Қазақстан аумағына таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдауда. 2020 жылғы 1 наурыздан бастап карантиндік іс-шаралар қолданылатын елдердің тізбесі кеңеюіне байланысты сол елдерден келген жолаушыларға 4-ші күшейту кезеңі енгізілді.
Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тұрақты рейстер (аптасына 34 рейс) 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап тоқтатылды.
2020 жылғы 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан – Сеул және Алматы – Сеул бағыттары бойынша тұрақты рейстердің саны аптасына 9-дан 3 рейске дейін қысқарды.
«Mahan Air» әуе компаниясының Алматы – Тегеран бағыты бойынша рейстер 1 наурыздан бастап (аптасына 1 рейс) тоқтатылды.
Сондай-ақ, 5 наурыздан бастап Нұр-Cұлтан-Баку рейсі тоқтатылады. Алматы-Баку рейсі 5 – тен 1 рейске дейін, Ақтау — Баку рейсі 7-ден 1 рейске дейін шектеледі. Нұр-Сұлтан-Токио әуе бағдары 2-ден 1 рейске дейін шектеледі.
Аталған рейстердің тоқтатылуына байланысты, 2020 жылғы 1 наурыздан бастап жоғарыда көрсетілген рейстерге билеттері бар жолаушылар әуе билеттерді сатып алу орны бойынша айыппұлсыз және толық көлемде қайтара алады.
2020 жылғы 3 наурыздан бастап "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ базасында коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауға бағытталған ахуалдық орталық жоспарлы түрде жұмыс істей бастады. Орталықта Қазақстанға тұрақты және тұрақты емес әуе қатынастары бар елдерде инфекция жұқтырған адамдардың статистикасына бақылау жүргізіледі. Жолаушылар әуе билеттерді қайтару мәселесі бойынша кеңес алу үшін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-да 8 (7172) 64 58 41 нөмірі бойынша жедел желі телефоны жұмыс істейді. Жұмыс уақыты жұмыс күндері (5/2) сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін.