27/04/2022
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ ҚР ТЖМ қолдауымен іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) ұйымдастыру және жүргізу бойынша Үйлестіру жаттығуларын өткізді. Оқу-жаттығуға Ақмола іздестіру және құтқару ауданында кезекшілікті жүзеге асыратын "Қазавиақұтқару" АҚ экипажы мен өкілдері, "Қазаэронавигация" РМК Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының іздестіру және құтқару үйлестіру орталығы мен әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі, Нұр-Сұлтан қаласы әуеайлағының авариялық-құтқару командасы қатысты.
Оқу-жаттығудың аңызына сәйкес Л-410 әуе кемесі Нұр-Сұлтан – Павлодар бағыты бойынша ұшуды орындаған. Әуеайлақтан 30 миль қашықтықта әуе кемесінің командирі диспетчерге бір қозғалтқыштың істен шығуы және ұшып шығу әуеайлағына оралу туралы қабылданған шешім туралы баяндады. Біраз уақыттан кейін экипаж қалған қозғалтқыштың істен шығуы және аэродромнан тыс мәжбүрлі қону туралы хабарлады.
Оқу-жаттығу барысында жоғарыда көрсетілген қызметтер іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу кезінде өзара іс-қимыл жасау әдістемесін, апатқа ұшыраған ӘК іздеу әдістерін, іздестіру-құтқару ӘК отырғызу үшін алаңдарды таңдауды және оқиға орнынан зардап шеккендерді эвакуациялауды пысықтады. Оқу-жаттығуларды өткізу үшін борттағы құтқарушылар мен медицина қызметкерлерімен "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-8 кезекші тікұшағы жұмылдырылды.
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ оқу-жаттығуларға қатысқан барлық ұйымдарға өз алғысын білдіреді.