04/03/2024
2024 жылы Іздестіру-құтқару жөніндегі үйлестіру кеңесінің жаңартылған құрамының бірінші отырысы өтті.
Үйлестіру кеңесінің құрамына ҚР Көлік министрлігінің, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің және "Қазаэронавигация" РМК өкілдері кіреді.
Үйлестіру кеңесінің басшысы ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Сәрсен Жарылғасов кеңес мүшелері мен "Қазавиақұтқару", "Дала Эйр" әуе компаниялары мен ШҚО авиациялық бөлімшесі өкілдерінің баяндамаларын тыңдады.
Отырыста ҚР мемлекеттік авиациясының күштері мен құралдарын тарта отырып, Қазақстан аумағында ұшуды іздестіру-құтқару қамтамасыз ету бойынша кезекшілікті ұйымдастыру мәселелері қаралды, сондай-ақ 2024 жылға арналған жұмыс және бірлескен оқу-жаттығу жоспары келісілді.