16/11/2022
IAA ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі директордың көмекшісі Пирс МакКранн, IAA әуе кемелерін тіркеу және сертификаттау жөніндегі менеджері Николас Баттерфилд, IAA әуе компанияларының ұшу жарамдылығы жөніндегі менеджері Кен Холланд бас директор Каталин Радумен және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі басшылығымен "Эйр Астана" флотын беру процесін аяқтау мәселелері бойынша кездесті. Кездесу барысында реттеушілер арасындағы одан әрі екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
"Қазақстан авиациясы үшін IAA тарапынан ынтымақтастық пен қолдау ерекше. 2021 жылдан бастап IAA біздің ұйымның қалыптасуы мен дамуына ықпал етуде. Біз ҚАӘ қадағалау қызметін жақсарту үшін ынтымақтастығымызды жалғастырамыз", - деді Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду.
Авиациялық әкімшілік басқармасының басшыларына стратегиялық мақсаттар мен одан ары іс-қимылдарға, сондай-ақ ағымдағы және болашақ ұйымдастырушылық өзара іс-қимылдарды түзету мүмкіндіктеріне шолу ұсынылды.
Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі бөлім директорының көмекшісі Пирс МакКранн: "Біз осы маңызды кезеңде Қазақстанмен 83bis Келісімі бойынша Астанаға оралып, Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне техникалық қолдау жөніндегі бірлескен жоспарларымызды одан әрі ілгерілету мүмкіндігіне ие болғанымызға өте қуаныштымыз. Қазақстанның авиациялық билік орындарымен табысты ынтымақтастықты жалғастырамыз деп үміттенеміз".