Кіру

Басты бет
ИКАО сарапшысы 2050 жылға дейінгі CAMP-ты әзірлеу аясында формальдылықты оңайлату бағыты бойынша жұмыстың кезекті кезеңін аяқтады

12/06/2026

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын дамытудың 2050 жылға дейінгі мастер-жоспарын (CAMP) әзірлеу шеңберінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) формальдылықты оңайлату жөніндегі сарапшысы Абдулла Альраддади формальдылықты  оңайлату, жолаушылар мен жүк ағындарын басқару, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылмен байланысты бағыттар бойынша саланың ағымдағы жағдайына кешенді бағалау жүргізді.

CAMP аясындағы іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Көлік министрлігі Азаматтық аваиция комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ИКАО сарапшысының мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын ұйымдастырды. Жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен формальдылықты оңайлату тетіктерін жетілдіру, авиациялық санитария, жолаушылар деректерін басқару және авиациялық жүктерді өңдеу мәселелері бойынша бетпе-бет кездесулер өткізілді.

Бұдан бөлек, Қазақстанның халықаралық әуежайларының қызметіне, соның ішінде инфрақұрылымына, өткізу қабілетіне және қолданыстағы операциялық шектеулерге бағалау жүргізе отырып, талдау жасалды. Қажетті ақпаратты жинау үшін мамандандырылған сауалнамалар мен мүдделі тараптармен консультациялар қолданылды. Миссия аясында ИКАО сарапшысы Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе және Шымкент халықаралық әуежайларына барды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижелері Қазақстанның азаматтық авиациясын одан әрі дамытуға бағытталған ұсынымдар мен іс-шараларды қалыптастыру кезінде пайдаланылады және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын дамытудың 2050 жылға дейінгі мастер-жоспарына (CAMP) енгізіледі.

Мастер-жоспар ИКАО сарапшылары әзірлейтін, өзара байланысты бөлімдерді қамтитын және саланың жағдайын талдауды, мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, стратегиялық көзқарас мен мақсаттарды айқындауды, сондай-ақ 2050 жылға дейінгі іске асырудың кезең-кезеңімен іске асырудың жол картасын қамтитын кешенді стратегиялық құжат болып табылады.

CAMP құрылымы азаматтық авиацияны дамытудың төрт дәйекті кезеңін қарастырады: 2027–2029 жылдары - институционалдық негізді қалыптастыру және негізгі реформаларды жүргізу, 2030–2035 жылдары - әуежай инфрақұрылымын дамыту және саланың тиімділігін арттыру, 2036–2040 жылдары - инновациялар мен цифрлық технологияларды енгізу, ал 2041–2050 жылдары - жаһандық авиациялық жүйеге толық интеграциялануды қамтамасыз ету және Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі позициясын нығайту.

ИКАО-ның формальдылықты оңайлату жөніндегі сарапшысы Мастер-жоспардың жобасын кейіннен қарау және келісу үшін ағымдағы жылдың 30 тамызына дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне ұсыну жоспарланып отырғанын атап өтті.