Кіру

Басты бет >
ИКАО Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық өңірдің конференциясында Қазақстанның азаматтық авиация мәселелері бойынша ілгерілеуін атап өтті

22/06/2023

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық аймақ бюросының (EUR/NAT) штаб-пәтерінде ИКАО аймағының азаматтық авиация бас директорларының конференциясы өтті. Осы іс-шараның маңыздылығына байланысты конференцияға ИКАО аймақтық кеңсесіне мүше 56-дан астам елдің азаматтық авиация ұйымдарының бірінші басшылары қатысты. 
ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Салазар құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға ИКАО Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық аймақ бюросының директоры Николас Ралло мырза да қатысты.
Осы конференцияның төрағасы болып Португалияның Азаматтық авиация ұлттық агенттігінің басшысы Таня Кардозо сайланды. 
Қазақстан Республикасының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде ИКАО стандарттарын іске асырудағы жетістіктерін ескере отырып, қазақстандық делегацияның басшысы – ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев конференция төрағасының орынбасары лауазымына ИКАО Еуропалық өңірінің 56 елі арасынан сайланды. Конференция төрағасының екінші орынбасары болып Израиль Авиациялық билігінің бас директоры – Шуел Закай сайланды.
Конференция барысында қатысушылар ИКАО-ның ұшу қауіпсіздігіне қатысты өзекті әзірлемелерін, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін, авиациялық отынның экологиялық қауіпсіз түрлері саласында әлеуетті арттыру және кадрлар даярлау жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарларды, азаматтық авиациядағы халықтың денсаулығына байланысты оқиғалардың алдын алу және басқару саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ азаматтық авиациядағы гендерлік теңдікті талқылады. 
Сонымен қатар, конференция барысында қатысушылар әуе көлігі саласындағы халықаралық шарттарға кезекті түзетулерді ратификациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады. 
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар қозғалған мәселелер бойынша жұмысты жалғастыруға