20/05/2025
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің (ҚАӘ) мамандары Париж қаласында (Франция) орналасқан ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық өңірлік бюросында ұшу қауіпсіздігі бойынша 9-шы Өңірлік сараптамалық топтың (EASPG RESG/09) отырысына, Өңірлік ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жөніндегі жұмыс тобының 8-ші отырысына (RESG RASP WG/08), сондай-ақ ұшу қауіпсіздігіне қатысты деректерді өңдеу мен талдауға арналған жасанды интеллект қолдану мәселелері жөніндегі семинарға қатысты.
Жасанды интеллект жөніндегі семинарға EASA, FAA, IATA, EUROCONTROL және KOCA қоса, авиациялық билік органдарының, халықаралық ұйымдардың және сала өкілдерінің сарапшылары қатысты. Қатысушыларн жасанды интеллект құралдарын ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне енгізу мәселелерін талқылап, таксономияны әзірлеуге, стандарттар мен практикалық қолдану жолдарына ерекше назар аударды. FAA (АҚШ) және KOCA (Оңтүстік Корея) сияқты жетекші авиациялық билік органдары ұшу қауіпсіздігіне қатысты деректерді талдау сапасын арттыру үшін жасанды интеллект қолдану тәжірибесін ұсынды.
Семинардан кейін ҚАӘ делегациясы EASPG RESG/09 және RESG RASP WG/08 отырыстарына қатысып, онда 2024 жылға арналған Еуропалық өңірлік ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарының (EUR RASP) жүзеге асырылуы және 2026-2028 жылдарға арналған ұшу қауіпсіздігі саласындағы басымдықтар талқыланды. EUR RASP бастамаларын іске асыру аясында ҚАӘ мамандарымен ИКАО мен өңірлік авиациялық билік органдарымен бірлесіп белсенді жұмыс жүргізілуде.
Сонымен қатар, отырыста ҚАӘ Сапаны басқару жүйесін бағалау құралының (QMS Assessment Tool) сынақтан өткізу нәтижелері ұсынылды, бұл Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қолданушыларының сапа мен стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз ету тәжірибесін жетілдіру және үйлестіру жолында қол жеткізген ілгерілеуін көрсетті. Аталған бағалау құралы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Өңірлік сараптамалық топтың қатысуымен, ҚАӘ мамандарының тікелей үлесімен әзірленген. Елдегі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету сапасын арттыру шеңберінде бұл құралды Қазақстан Республикасының басқа азаматтық авиация ұйымдарында да сынақтан өткізу жоспарлануда.