Кіру

Басты бет
ИКАО авиациялық қауіпсіздік және формальдылықты оңайлату аудитінің алдын ала нәтижесі туралы мәлім етті

16/09/2025

ИКАО авиациялық қауіпсіздік аудитінің алдын ала қорытындысы шықты. ИКАО халықаралық сарапшылар тобының жетекшісі Ваин Каллум алдын ала аудиторлық есеп берді.

Аудит нәтижелері бойынша халықаралық сарапшылар келесі бағыттар бойынша 2017 жылғы аудитпен салыстырғанда айтарлықтай ілгерілеушілікті атап өтті. Атап айтқанда:

1) ұлттық заңнаманың ИКАО стандарттарына және ұсынылатын тәжірибелеріне сәйкестік деңгейі;

2) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесі;

3) азаматтық авиация субъектілерінің заңнама талаптарын іс жүзінде орындауы;

4) кадрларды даярлау;

5) халықаралық тасымалдаулардағы формальдылықты оңайлату;

Брифинг барысында ИКАО аудит тобының басшысы Ваин Каллум қазақстандық мамандарға атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтып, Азаматтық авиация комитетінің, Қазақстанныңавиациялық әкімшілігінің, мемлекеттікоргандардың, әуежайлар мен әуе компаниялардың келісілген іс-әрекеттерін атап өтті.

«2017 жылғы аудиттен бері көп жұмыс атқарылды. Бүгін біз алдын ала мәліметтер туралы айтып отырмыз, аудиттің соңғы нәтижелері ағымдағы жылдың 15 қарашасында белгілі болады. Бірақ кейбір тармақтар бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді деп айта аламын, бұл Қазақстанды халықаралық авиациялық қауіпсіздік рейтингінде жоғары орынға шығарды», – деді В.Каллум.