Кіру

Басты бет >
ИКАО Ассамблеясының жұмысы шеңберінде Қазақстан делегациясының ИКАО Бас хатшысы Фан Люмен ресми кездесуі өтті

30/09/2019

Кездесуде Қазақстандағы азаматтық авиацияны дамыту, ИКАО стандарттары мен ұсынылған тәжірибесін уақытылы орындау, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік саласындағы ИКАО жаһандық бастамаларын іске асыру мәселелері талқыланды.


Кездесу соңында Фан Лю ханым Қазақстанның азаматтық авиацияны дамытуда айтарлықтай алға жылжуын атап өтті және мемлекеттің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік саласындағы әлеуетті арттыру және жақсарту және бойынша қабылданып жатқан шараларын жоғары бағалады.


Айта кету керек, 2019 жылы тамызда «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 68 қадамын жүзеге асыру аясында құрылды. Бұл авиациялық саладағы ең жақсы халықаралық нормаларға сәйкес еліміздегі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің түбегейлі жаңа тәсілі. Мұндай тәсіл Қазақстан Республикасында алғаш рет енгізілуде.