Кіру

Басты бет
ICAO Қазақстанның азаматтық авиация саласын дамытудағы күш-жігерін қолдайды

17/06/2025

Парижде (Франция) өтіп жатқан ICAO Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық Бюросының ICAO EUR/NAT-DGCA/2025 Азаматтық авиация бас директорларының кездесуі аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар және ICAO EUR/NAT аймақтық бюросының директоры Николас Ралломен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан мен
ICAO арасындағы одан әрі белсенді ынтымақтастық перспективалары, жаһандық авиация жүйесін дамыту мен жаңғыртуға бағытталған бастамаларды қолдау мәселелері талқыланып, Қазақстан Республикасындағы ICAO ресми іс-шараларының қорытындылары шығарылды.
Хуан Карлос Саласар еліміздегі азаматтық авиация саласында жүргізіліп жатқан реформаларға ризашылығын білдіріп,
ICAO Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халық үшін әуе қатынасының қолжетімділігін арттыру және авиация нарығын ырықтандыруға жәрдемдесу жөніндегі күш-жігерін қолдайтынын атап өтті, бұл мәселе теңізге шыға алмайтын ел ретінде Қазақстан үшін өте маңызды.
Өз кезегінде Салтанат Томпиева біздің еліміз
ICAO -ның белсенді қатысушысы ретінде авиация саласының мәселелеріне үлкен мән беретінін және халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық ұшу қауіпсіздігі жүйесін одан әрі жетілдіруге дайын екенін атап өтті.
Сонымен қатар, С.Томпиева ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитаноның 2025 жылғы шілдеде Қазақстанға жоспарланған сапары барысында азаматтық авиацияның Бас жоспарына (CAMP) бірлескен декларацияға қол қою жоспарлары туралы хабарлады.
Сондай-ақ, комитет басшысы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (
ICAO ) Бас хатшысы Хуан Карлос Саласарды Қазақстанға келуге шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге жоғары қызығушылық атап өтілді.

Анықтама:
ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросы (EUR/NAT) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының бөлімшесі болып табылады, оның құрамына
ICAO -ға мүше 193 елдің ішінде Қазақстан Республикасын қоса алғанда, аймақтағы 56 мемлекет кіреді.