Кіру

SEC2026 Жаһандық симпозиум ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан
Астана
→
SEC2026 ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан · Астана →
Басты бет
ҚАӘ ICAO авиациялық қауіпсіздік апталығына дайындалуда

15/10/2026

2026 жылғы 20–22 қазанда Астанада өтетін ИКАО авиациялық қауіпсіздік апталығы (ICAO Security Week 2026) қарсаңында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас атқарушы директоры Майкл Дэниел іс-шараны ұйымдастыруға атсалысып жатқан Авиациялық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлерімен кездесті.

Ұйым басшысы алдағы іс-шараның Қазақстанның азаматтық авиациясы үшін тарихи маңызын және еліміздің халықаралық беделін нығайтудағы рөлін атап өтті.

«Осы іс-шараға дайындық барысында танытқан іске деген адалдықтарыңыз, жоғары кәсібиліктеріңіз және атқарған орасан зор еңбектеріңіз үшін әрқайсыңызға шын жүректен алғыс айтамын. Көпшілігіңіздің бұл жобаға тек жұмыс уақытыңызды ғана емес, жеке уақыттарыңыз бен демалыс күндеріңізді де арнағандарыңызды жақсы білемін. Мұндай жанқиярлық еңбек елеусіз қалмайды.

Әрбір ірі халықаралық іс-шараның артында жұмыс уақытынан кейін де қалып, демалыс күндері еңбек етіп, күтпеген мәселелердің шешімін тауып, біртұтас команда ретінде алға ұмтылатын адамдар тұрады. Бұл – World in Action қағидатының нақты көрінісі, яғни адамдардың іске деген адалдығы, кәсіби біліктілігі мен командалық жұмысы нақты нәтижеге айналатын үдеріс.

Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында Қазақстан ИКАО авиациялық қауіпсіздік апталығын жоғары деңгейде өткізіп, ұйымдастырушылық әлеуетін лайықты түрде көрсететініне сенімдімін», – деді Майкл Дэниел.

Кездесу соңында ол ұжымға үйлесімді жұмыс, ИКАО авиациялық қауіпсіздік апталығын табысты өткізу және алға қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізу жолында сәттілік тіледі.