Кіру

Басты бет >
ICAN 2019-да Қазақстан 13 елмен әуе қатынасы мен ынтымақтастықты кеңейту мәселесі бойынша келіссөздер жүргізеді

03/12/2019

Бүгін Иорданияда Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аясында ұйымдастырылатын әуе қатынастары туралы келіссөздер жүргізу бойынша жыл сайынғы 12-ші іс-шараның (ICAN 2019) ашылуы өтті. ICAN 2019-ға 71 мемлекет пен 5 халықаралық ұйым қатысады.

Ашылу рәсіміне ИКАО кеңесінің Президенті доктор Олумуива Бенард Алиу қатысты.

Ашылу аясында қатысушылар әуе қатынасын либерализациялау мәселелерін талқыланды.

Қазақстандық делегация жыл сайын бұл іс-шараға қатысады және оған азаматтық авиацияның салалық ведомствосының басшысы, Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшісі, "Air Astana", "SCAT" әуе компанияларының, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау қалалары әуежайларының жетекшілері қатысуда.

ICAN шеңберінде 13 елмен әуе қатынасын кеңейту және азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілетін болады.