Кіру

Басты бет >
Халықаралық жолаушылар әуе рейстерінің қысқаруы бойынша ақпарат

20/10/2020

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 19 қазандағы шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) картасына сәйкес 2020 жылғы 26 қазаннан бастап келесі елдерге/елдерден халықаралық жолаушылар рейстерінің саны азайтылады:

1) Біріккен Араб Әмірліктері – аптасына 8 рейске;
2) Беларусь – аптасына 5 рейске;
3) Германия – аптасына 2 рейске;
4) Украина – аптасына 2 рейс.


Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (термометрия, әлеуметтік қашықтық, бетперде кию, ПТР тестінің болуы және т.б.) қатаң сақтай отырып және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.