25/02/2021
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 24 ақпандағы шешіміне сәйкес қазақстандық әуе компанияларына (Эйр Астана, SCAT) аптасына 4 рейс жиілігімен Түркістан қаласынан Ыстамбұл қаласына халықаралық рейстерді ашуға рұқсат етілді.
Сонымен қатар,жоғарыда аталған шешімге сәйкес Өзбекстан, Қырғызстан және Украинаға келесі бағыттар бойынша рейстерді ұлғайтуға рұқсат етілді:
• Алматы – Ташкент – Алматы 4 рейске, аптасына 4-тен 8 рейске дейін (Эйр Астана – 2, Uzbekistan Airways – 2);
• Алматы – Бішкек – Алматы 2 рейске, аптасына 3-тен 5 рейске (Эйр Астана – 2);
• Алматы – Киев – Алматы 1 рейске, аптасына 1-ден 2 рейске (Эйр Астана – 1).
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатынын атап өтеміз.