Кіру

Басты бет >
Халықаралық рейстер бойынша ақпарат

10/01/2022

2022 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласынан/қаласына Мәскеу, Дубаи, Варшава, Франкфурт, Ташкент, Ыстамбұл, Пхукет қалаларына/қалаларынан 19 халықаралық рейсті орындау жоспарланып, Франкфурт, Екатеринбург қалаларына/қалаларынан 4 рейстің орындалуы тоқтатылды.

Ақтау, Шымкент, Түркістан, Ақтөбе қалаларынан Дубаи, Ыстамбұл, Тбилиси, Ереван, Ташкент, Пхукет қалаларынан/қалаларына жәнеАлматы, Ақтау қалаларына/қалаларынан Ыстамбұл, Дубай, Абу-Даби, Ташкент, Мәскеу, Киев, Үргеніш қалаларына/қалаларынан 15 халықаралық рейсті орындау жоспарланып отыр.

ҚР бойынша барлығы 34 рейсті орындау жоспарланып, 18 рейс тоқтатылды.

Аэрофлот  әуе компаниясы Нұр-Сұлтанға рейстерді қайта бастады.