Кіру

Басты бет >
ХАБАРЛАНДЫРУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИКАО АПТАЛЫҒЫ

02/09/2024

2024 жылғы 4-8 қараша аралығында алғаш рет Қазақстанда Алматы қаласында ИКАО апталығы өтеді. Осы іс-шара аясында қақтығыс аймақтарындағы тәуекелдерді бағалау саласындағы хабардарлықты арттыру бойынша және "Жасыл әуежайлар" өңірлік семинарлар өтеді. Іс-шараларға халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының басшылары қатысады, оның ішінде ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық кеңсесінің Аймақтық директоры Николас Раллоның сапары күтілуде.   

Қақтығыс аймақтарындағы тәуекелдерді бағалау бойынша семинар мемлекеттерге азаматтық әуе кемелерінің қақтығыс аймақтарының үстінен немесе оларға жақын ұшуы үшін тәуекелдерді бағалаудың озық әдістерін ұсынуға бағытталған. Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропадағы тұрақсыз жағдайларды және халықаралық жағдайды үнемі талдау қажеттілігін ескере отырып, семинар аталған аудандарға ұшуды жүзеге асыратын немесе жоспарлайтын барлық әуетасымалдаушылар үшін пайдалы болады.

Аталған алаңда халықаралық сарапшылар тәуекелдерді бағалау бойынша үздік тәжірибелерімен бөліседі, онда шешім қабылдау үшін қолда бар проблемалық мәселелер, оның ішінде қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау бойынша ведомствоаралық үйлестірудің тиімді процестерін әзірлеу талқыланады.

         "Green Airports" семинары ҚР Көлік министрлігі мен Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен ACI Europe компаниясымен бірлесіп ICAO қамқорлығымен өтеді. Ұйымдастырушылар – Қазақстанның авиациялық әкімшілігі және Алматы халықаралық әуежайы.

Қазақстанда "Green Airports" Өңірлік семинарын ұйымдастыру және өткізу тұрақты авиациялық отынға (SAF) ерекше назар аудара отырып, көмірқышқыл газы шығарындылары төмен әуежайларды дамытуға, қоршаған ортаға әсеріне байланысты маңызды бағыттарды және әуежай инфрақұрылымын, олардың энергетикалық ауысуын дамыту үшін инновациялар мен шешімдерді қоса алғанда, басқа да экологиялық таза энергия көздерін пайдалануды талқылауға мүмкіндік береді.

 Семинар әуежайларды орнықты дамытудың және авиациялық инфрақұрылымға экологиялық таза технологияларды енгізудің негізгі аспектілерін талқылауға бағытталған.

"Green Airports" семинарына қатысу үшін алдын-ала тіркелу қажет, оған REGIONAL SEMINAR ON GREEN AIRPORTS (icao.int) сілтемісі арқылы 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін қол жеткізуге болады.

Конференцияға спикер ретінде қатысуға өтінім greenairports2024@caa.gov.kz электрондық мекенжай бойынша 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде қабылданады.

БАҚ-ты аккредиттеу мәселелері бойынша Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің баспасөз қызметіне +77072000177 телефоны және электрондық пошта арқылы хабарласуға болады: Press@caa.gov.kz.