Грузияға тұрақты әуе рейстері қайтадан ашылу туралы ақпарат
02/03/2021
2021 жылғы 16 наурыздан бастап “Эйр Астана” әуе компаниясы Алматы – Тбилиси – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейспен қайтадан ұша бастайды.
Екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім 2021 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енген Грузияның мемлекеттік шекарасынан Қазақстан азаматтарының өтуіне қойылған шектеулерді алып тастағаннан кейін қабылданды.
Рейстер А320/321 әуе кемесімен аптаның сейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.