Кіру

Басты бет >
Германияның авиация саласымен ынтымақтастық

10/07/2024

​Қазақстанның авиациялық әкімшілігі,Лицензиялау департаментінің директоры ӘділжанСұлтанов және "Қазаэронавигация" РМК қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру бөлімініңбасшысы Бақтияр Юсупов 2024 жылғы 2-3 Шілдеде Германияның Федералдық авиация билігіBAF және Ланген қаласындағы (Германия) DFS академиясына барды.

​BAF тарапынан кездесуге лицензиялаубасқармасының басшысы Грегор Кенси жәнеаэронавигациялық қызмет жеткізушілерін бақылаумен қадағалауға және әуе қозғалысына қызметкөрсету жөніндегі диспетчерлеріне (ӘҚҚдиспетчерлері), метеорологтар, ERTOS инженерлері, AFIS және т.б. лицензиялауға жауапты BAF бөлімінің басшысы Тобиас Вульф қатысты. Германияның тәжірибесі ерекшеқызығушылық тудырады, өйткені BAF аэронавигация саласында 30-дан астам түрліпровайдерлер мен ұйымдарды қадағалайды. Сондай-ақ, неміс тарапы ATSEP және AFIS қызметкерлеріне куәлік беру тәжірибесімен бөлісті. BAF өкілдері екіжақты ынтымақтастықты одан әрідамыту үшін Қазақстанға келуге ниет білдірді.

​  DFS Академиясына барған кезде кездесугеАкадемия директоры Отто Фишер, DFS aviationservices аймақтық менеджері Кристиан Рейнеке, DFS кеңесшісі Вальтер Линке қатысты. Келіссөздердің негізгі тақырыбы"Қазаэронавигация" РМК қызметкерлері мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігініңинспекторларын даярлау саласындағыынтымақтастықты дамыту болды.

​Германияның DFS академиясыаэронавигациялық мамандарды даярлаусаласындағы жетекші, ірі және негізгі оқуорталықтарының бірі болып табылады. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен "Қазаэронавигация" РМК өкілдері заманауитренажер жабдықтарымен (360 градусқа 3D визуалдауды қоса алғанда) және оқуаудиторияларымен танысты. Сондай-ақ, немістарапы Ланген ӘҚҚ орталығымен танысуға жәнекелуге мүмкіндік берді.

​Германияның қажеттіліктері үшін авиациялық персоналды даярлауға сұраныстың жоғары болуына қарамастан (диспетчерлер қажеттілігі жылына 120 адамға дейін) DFS академиясы"Қазаэронавигация" РМК ӘҚҚ диспетчерлерінжәне Қазақстанның авиациялық әкімшілігініңавиациялық инспекторларын даярлау саласындағыынтымақтастықты дамытуға дайындығы мен ниетін білдірді.