Кіру

Басты бет >
FlyArystan Тараз бен Нұр-Сұлтанды 6999 теңгеге байланыстырады

19/09/2019

FlyArystan Тараз-Нұр-Сұлтан-Тараз бағыты бойынша билеттер сатылымын ашық деп жариялайды. Күнделікті рейстер үстіміздегі жылдың 3 қазанынан бастап 180 орынды Airbus A320 әуелайнерлерімен орындалатын болады. Оңтүстік өңірдің ірі қаласы мен елорда аралығында небәрі бір жарым сағатта қатынауға болады, ал билеттің біржақты билет құны 6999 теңгеден басталады. Аталмыш баға нарықта ұсынылып отырған бағадан 72% арзан екенін атап кеткен жөн.


«ҚР ИИДМ ААК мәлімдеуінше FlyArystan операциялық жұмысын бастағаннан бері Әулие ата халықаралық әуежайының жолаушылар саны 140% астам өсті. Бағдарлар кестесі екі еселенгеннен кейін бұл көрсеткіш тағы да ұлғая түседі деген нық сенімдеміз. Өз тарапымыздан біз Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына баруды жоспарлап отырған халыққа жылына 130 000 орынды беруге әзір екендігімізді мәлімдейміз», - деп FlyArystan-ның сату және маркетинг директоры Жанар Жайлауова өз ойымен бөлісті.


Естеріңізге сала кетсек, алғашқы рет лоукостердің ұшақтары 1 мамырда Алматыдан Таразға жол тартқан еді және де аталмыш уақытта, яғни 5 айдан кем уақыт ішінде 46 000-нан астам жолаушыны тасып үлгерді. 90% билеттер 10 000 теңгеден төмен бағамен сатылса, жартысы 5000 теңгеден төмен бағамен ұсынылған екен.