05/12/2022
Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуекомпаниялармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша әуе кемелер паркін ұлғайту, тасымалдау сыйымдылығын арттыру және рейстердің кешігу санын азайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Мәселен, ағымдағы жылдың 3 желтоқсанына қараған түні "Fly Arystan" әуекомпаниясының "А320nео" жаңа әуе кемесі келді. Бұл ұшақ әуекомпания флотында екінші болып табылады, сыйымдылығы 188 орындық (әуекомпанияның қалған әуе кемелерінің сыйымдылығы бірдей – 180 орындық).
Осылайша, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап қазақстандық әуекомпаниялар сыйымдылығы 174-тен 189 креслоларға дейінгі 8 әуе кемесін алды.
Әуе кемесін пайдалануға беру әуекомпанияның тасымалдау сыйымдылығын арттырады, кесте мен әуе билеттер ұсынысының уақтылы орындалуына оң әсер етеді.
Қазақстандық әуекомпаниялардың әуе кемелер паркін кеңейту жұмыстары жалғасуда және Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.