27/11/2019
Брюссель. 26 қарашада Қазақстанның азаматтық авиация органдарының өкілдері азаматтық авиация саласында Шығыс әріптестік мен Орталық Азия елдерінің көмек және қолдау көрсету жобасы басқарушы комитетінің 4-ші отырысына қатысты.
Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) мен Еуропалық азаматтық авиация конференциясы (ECAC) жүзеге асыратын жобаны EASA стратегиясы және қауіпсіздікті басқару жөніндегі директоры Люк Титгат және оның командасы ұсынды. Отырыс жұмысына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова Республикасы, Тәжікстан, Украина және Өзбекстан авиациялық биліктерінің өкілдері қатысты. Осы бағдарламаның арқасында қатысушы елдер авиациялық инспекторларды оқыту сияқты көптеген жобаларды жүзеге асырды, бұл ИКАО аудитінен өту үшін оң нәтиже берді.
Сонымен қатар, кездесуге EASA ынтымақтастық ұйымының өкілдері Нахмадов Эльхан Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросы директорының орынбасары және ЕКГА атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Реверди Патрисия қатысты.
Басқарушы комитет келесі мәселелерге қатысты төрт жұмыс пакеті шеңберінде прогреске қол жеткізді: ЕО заңнамасы (Шығыс әріптестік елдері үшін); әкімшілік ету (қадағалау жүйесі); ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі және құзыреттілікті дамыту. Отырыс барысында жүзеге асырылатын қызметті қамтитын жұмыс құжаты ұсынылды және алдағы кезеңге арналған жұмыс бағдарламасы келісілді. Бұл жиналыс ақырғы болып жоспарланғанмен, бағдарлама басқарушы комитеттің шешімі бойынша 2020 жылдың қыркүйегіне дейін ұзартылды.
Ынтымақтастық жөніндегі ЕО делегациясының басшысы Люк Тытгат құттықтау сөз сөйледі. Люк Тытгат мырза өз сөзінде Еуропалық Одақта ұшу қауіпсіздік стандарттарын орнатуда және қолдануда EASA-ның маңыздылығын атап өтті және ЕО-ның Шығыс серіктестігі шеңберінде бұрын іске асырылған жоба енді Орталық Азияның басқа елдерімен ынтымақтастық үшін қол жетімді екенін қуана хабарлады.