Кіру

Басты бет >
Еуропалық Комиссия сарапшылары Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін қадағалау деңгейін бағалайды

11/10/2022

Еуропалық Комиссия ұшу қауіпсіздігін қадағалау деңгейін бағалау үшін Қазақстанға сапармен келді. Ұшу қауіпсіздігін бағалауды Еуропалық Комиссияның сарапшылары Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) және Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің бірлесіп жүргізеді. Сапар аясында Қазақстан Республикасы Премьер -Министрінің орынбасары Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс бастаған қазақстандық делегация Еуропалық Комиссияның Ұшу қауіпсіздігі комитетінің сарапшыларымен және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускаспен кездеседі. Сапардың негізгі мақсаты - Қазақстан авиациялық билік орындары тарапынан әуе тасымалдаушыларға бақылау мен қадағалау халықаралық ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатынын тексеру. Еуропалық Комиссия сарапшылары Азаматтық авиация комитетіне, Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне және отандық Air Astana, Qazaq air және B&K AERO KZ әуе компанияларына барады. Комиссия сарапшылары ҚР авиациялық билігінің Қазақстандағы азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға тиімді бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қабілетін тексереді. Сонымен қатар, сапар ҚР авиациялық билік орындарының ұшу қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын растап қана қоймай, ұшу қауіпсіздігі үшін кез келген елеулі тәуекелдерді анықтап, анықталған тәуекелдерді бақылау бойынша тиімді шараларды қабылдай алатынын растауға бағытталады.