04/11/2022
Париждегі (Франция) ИКАО Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық бюросының кеңсесінде Еуропа және Солтүстік Атлантика (ENAVSECG/10) - авиациялық қауіпсіздік тобының оныншы отырысы жалғасуда.
Кеңес барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің (ҚАӘ) авиациялық қауіпсіздік департаментінің директоры Дархан Катышев баяндама жасады. Ол кеңеске қатысушыларға көрші елдер арасындағы авиациялық қауіпсіздік саласындағы үйлестіруді және өзара іс-қимылды жақсарту бойынша өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасындағы азаматтық авиациядағы киберқауіпсіздік қызметі бойынша ағымдағы ахуал туралы киберқауіпсіздік жөніндегі бірлескен презентациямен ҚАӘ бас авиациялық инспекторы Нұрлан Қожахметов сөз сөйледі.
Кеңеске қатысушылар өңірде және одан тыс жерлерде әлеуетті арттыру мәселелерін көтерді, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық жоспар (GASeP) шеңберінде 17 Қосымшаны іске асыруды жақсарту үшін ұсыныстар мен идеяларды бастамашылық етті. ECHO жұмыс тобының аймақтағы әлеуетті арттыру бойынша ұсыныстарын қарастырды.
ИКАО өңірлік бюросына мүше мемлекеттердің өкілдері авиациялық қауіпсіздік пен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту жөніндегі мәселелерді одан әрі қарау үшін кеңес тақырыбы бойынша бастамалар мен қорытындылар ұсынды.
Қатысушылардың тәжірибесі мен білімі азаматтық авиацияның қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруға көмектеседі, ал олардың алмасуы мен қолданылуы ИКАО қамқорлығымен авиация саласы мен мамандарды біріктіруге қызмет етеді.
Кеңес соңында ИКАО-ға мүше елдердің қатысушылары қабылдаған шешімдер мен қорытындылар шығарылды.