Кіру

Басты бет >
Елорда әуежайына 90 жыл толды

04/12/2021

1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-на тура 90 жыл толды. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ны осы айтулы мерекемен құттықтайды.


Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы еліміздегі ең ірі әуежайлардың бірі болып табылады. Елорданың әуе айлағы Орталық Азиядағы ең көп жұмыс істейтін әуежайлар арасында екінші орында, сондай-ақ бүкіл посткеңестік кеңістіктегі ең көп жұмыс істейтін әуежайлар арасында 12-ші орында.


Әуежайда жолаушыларға да, әуе компанияларына да үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес қызмет көрсету үшін барлық қажетті инфрақұрылым бар. Цифрлық мүмкіндіктерді дамытудың арқасында жолаушылар онлайн тіркеліп, рейстерді бақылай алады, әуежай қызметтерін төлей алады, соның ішінде әуежай әзірлеген NQZ қосымшасы арқылы. Әуе кемелеріне жанармай құюдың бірегей жүйесі, өз кезегінде, ұшу алдындағы процедураларға жұмсалатын уақытты азайтады және авиакомпанияларға жылдам қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.


Елорда әуежайын дамыту IATA және ICAO халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Әуежайдың ұшу-қону жолағы Орталық Азиядағы ең үздіктердің бірі. Ол ICAO IIIА санатына сәйкес келеді және кез келген ауа-райында дерлік ұшақтарды қабылдауға және шығаруға мүмкіндік береді. Елордалық әуе айлағы мемлекеттің белгісі бола отырып, Нұр-Сұлтан қонақтары мен жолаушыларының демалуы үшін қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкүндікті жасайды.