Кіру

Басты бет >
Елорда әуежайы мен “СКАТ” әуе компаниясының авиаотын жетіспеушілігіне қатысты

28/10/2021

Елорда әуежайы мен "СКАТ" әуе компаниясының авиаотын жетіспеушілігіне қатысты мәлімдемелеріне байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мынаны хабарлайды. Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) жөндеу жұмыстарына байланысты авиа отынның ішкі нарығында әуежайлар мен әуе компаниялары үшін авиакеросин өндіруге және қамтамасыз етуге байланысты белгілі бір қиындықтар бар.

Дегенмен тұрақты жолаушылар және жүк рейстері үздіксіз қамтамасыз етілді. ҚР ИИДМ ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп, зауыттардан, жеке компаниялардан, "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС-дан ПМХЗ жұмысын қайта бастағанға дейін әуе компаниялары мен әуежайларға отын жеткізу кестесін әзірледі.

Бүгінгі таңда әуежайларда 27,9 мың тонна отын бар. 9,2 мың тонна зауыттардан жөнелтілді. 15,6 мың тоннаға келісімшарт жасалды. Жалпы көлемі 53 мың тонна.

Қазан айының соңына дейін мұнай өңдеу зауыттары 2 мың тонна авиаотын шығарады. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы үшін қосымша отын бөлінеді. Сондай-ақ, СКАТ әуе компаниясына Шымкент мұнай өңдеу зауытынан қосымша авиакеросин жеткізу жоспарланып отыр.

Елорда әуежайында 3,1 мың тонна авиакеросин бар. Жақын күндері 3,9 мың тонна (3 мың тонна – "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС, 0,7 мың тонна – "Петросан" ЖШС, 0,2 мың тонна – East fuel) жеткізу жоспарланып отыр. Алматы әуежайындағы отын қалдығы - 5,4 мың тонна. 4 мың тонна жөнелтіліп, жолда бара жатыр. 5,8 мың тоннаға келісімшарт жасалды.

Эйр Астана әуе компаниясында 7,4 мың тонна, СКАТ әуе компаниясында 1,7 мың тонна отын қалған. 1,5 мың тоннаға келісімшарт жасалды.

Тұрақты әуе рейстерді үздіксіз орындала береді.