Кіру

Басты бет >
Елдегі авиациялық қауіпсіздік жағдайы және террористік тұрғыдан осал әуе көлігі объектілерінің қорғалуы мәселелері қаралды

24/12/2019

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-да авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізілді.

Кеңеске ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің, ҚР Бас көлік прокуратурасының, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің, авиациялық оқу орталықтарының өкілдері, сондай-ақ әуежайлар мен әуе компаниялардың авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бірінші басшыларының орынбасарлары қатысты.

Кеңесте елдегі авиациялық қауіпсіздік жағдайы және террористік тұрғыдан осал әуе көлігі объектілерінің қорғалуы, сондай-ақ алдағы жылдарға жоспарланған іс-шаралар мәселе- лері қаралды.

Кеңес барысында Авиациялық әкімшілік өкілдері әуежайлар мен әуе компанияларға қаты- сты Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік ұлттық бағдарламасының жаңа ережелерін түсіндірді. ИКАО авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша соңғы стандарттар мен ұсынылатын тәжірибесі, атап айтқанда Чикаго конвенциясына 17-қосымшаға 17-түзету талқыланды.

Азаматтық авиация ұйымдарынан азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша конструктивтік ұсыныстар түсті. Барлық ұсыныстар авиациялық әкімшіліктің авиациялық қауіпсіздік департамен- тімен жұмысқа қабылданды.

Кеңес нәтижелері бойынша әуежайлар мен авиакомпанияларға тәуекелдерді тұрақты тал- дау мен бағалауды жүзеге асыру, объектілердің қорғалу жағдайына сапалы және үздіксіз мониторинг жүргізу және азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау жөнінде кідіріссіз шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.