Кіру

Басты бет >
"Эйр Астана" әуекомпаниясының паркі кезекті жаңа әуе кемесімен толықты

14/12/2022

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтің тапсырмасы бойынша Азаматтық авиация комитетінің қазақстандық әуекомпаниялармен әуе кемелер паркін өсіру, тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту және рейстердің кешігу санын азайтудағы жұмысы жалғасуда.
Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанына қараған түні "Эйр Астана" әуекомпаниясының "А321LR"әуе кемесі келді. Бұл ұшақ (сыйымдылығы 166 кресло, 16 бизнес және 150 эконом класстағы орын) әуе компанияның кемелер паркін 29 бірлікке дейін, оның ішінде "A321LR" үлгісіндегі 10 әуе кемесіне дейін үлкейтеді.
Әуе кемесін пайдалануға беру авиакомпанияның тасымалдау сыйымдылығына және кесте мен әуе билеттер ұсынысының уақтылы орындалуына оң әсер етеді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап отандық тұрақты тасымалдаушылар паркі 10 ұшаққа толықтырылады және 2023 жылдың ақпан айының соңына дейін отандық тұрақты тасымалдаушылар тағы 5 ұшақ алады деп күтілуде, осылайша қазақстандық әуекомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығы 20% ға ұлғаяды, бұл да ұшуларды уақытылы орындауға оң әсер етеді.
Қазақстан әуекомпанияларының әуе кемелер паркін кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда және ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.