13/08/2020
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Эйр Астана» АҚ Боинг 757/767 командирі Оспанов Ербол Абылайұлы II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Марапатты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов табыс етті.
Оспанов Ербол Абылайұлы азаматтық авиация саласында 46 жыл жұмыс жасады. 1955 жылы 9 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келді.
Еңбек жолын 1974 жылы Өскемен біріккен авиаотрядының Ан-2 екінші ұшқышы қызметінен бастады.
Ол Ту-154, Боинг-747, Боинг-767 әуе кемелерінде Қазақстан Республикасы Президенті экипажының шеф-пилоты, ұшу қызметі жөніндегі директордың орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Беркут» мемлекеттік әуе компаниясының Боинг-757, 767 командирі, «Orient Eagle Airways» АҚ шеф-пилоты, ұшу қауіпсіздігі инспекциясының бастығы лауазымдарын атқарды.
2005 – 2018 жылдар аралығында «Эйр Астана» АҚ вице-президенті болды. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол әуе кемесінің командирі.