Кіру

Басты бет >
“Эйр Астана” Үндістанға рейстерді қайта бастайды

25/11/2021

2021 жылғы 16 желтоқсаннан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Алматы - Дели - Алматы бағыты бойынша Үндістанға аптасына 3 рейс жиілікпен тұрақты рейстер орындауды бастайды.

Рейстер А320 типті әуе кемесінде сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалатын болады.

Рейстер әуе компанияның ресми сайтында жарияланған кестеге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалатынын атап өтеміз.