Кіру

Басты бет
ЕАЭО елдерінің сарапшылары авиациялық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

22/04/2025

Ереванда (Армения) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жұмыс (сарапшылық) тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Армения тарапының төрағалығымен және Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) ұйымдастырушылық қолдауымен Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей сарапшылары қатысты.

Күн тәртібінде инспекциялық іс-шараларға тәсілдерді біріздендіру, аэронавигациялық қызметтерді жеткізуші инфрақұрылымын қорғау, инсайдерлік қауіптер, тыйым салынған заттардың болуы туралы жалған хабарламаларға ден қою, киберқауіпсіздік және ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану мәселелері қарастырылған.

Авиациялық қауіпсіздік пен ұшу қауіпсіздігі саласындағы, соның ішінде қақтығыс аймақтарындағы және оған жақын маңдағы тәуекелдерді бағалауға ерекше назар аударылды.

Жиын барысында қатысушылар 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

Пікірталас практикалық өзара іс-қимылға және теңдестірілген шешімдерді іздеуге баса назар аудара отырып өткзілді.

Бұл ретте интеграциялық үдерістердің модераторы ретіндегі ЕЭК рөлінің маңыздылығы атап өтілді. Комиссия мүше мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіру үшін тұрақты платформа құру және азаматтық авиациядағы тәуекелдерді басқарудың үйлестірілген тәсілдерін әзірлеу арқылы осы бағыттағы жұмысын күшейтуде.

Әуежайларда авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әуе қозғалысын ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында армян тарапы Звартноц халықаралық әуежайы мен Армаэронавигация жағдайында қолданыстағы тәжірибені көрсетті.

Отырыс қорытындысы бойынша бірлескен бастамаларды жүзеге асыру, оның ішінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) ұсыну үшін бірлескен жұмыс құжаттарын дайындау, пилоттық жобаларды іске асыру және ақпарат алмасуды дамыту бойынша қадамдар белгіленді.