Кіру

Басты бет
EASA сарапшылары ұшу қауіпсіздігі бойынша тәжірибелерімен бөлісті

05/02/2025

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде ұшу қауіпсіздігінің тәуекел факторларын басқару және ұшу қауіпсіздігі мәселелерін дәріптеу бойынша семинар өтті, оның барысында Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) сарапшылары ҚАӘ-нің, Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің қызметкерлерімен, сондай-ақ әуекомпаниялардың, әуежайлардың, аэронавигациялық қызмет көрсетушілердің ұшу қауіпсіздігі жөніндегі сарапшыларымен тәжірибелерімен бөлісіп, презентацияны таныстырып өткізді.

Семинар EASA және Ирландия әуе билігімен техникалық көмек көрсету бойынша үшжақты ынтымақтастық аясында өткізілді. Осы ынтымақтастық аясында азаматтық авиация саласындағы Еуропалық Одақтың (ЕО) стандарттарына сәйкес Қазақстандағы әуе көлігі қауіпсіздігінің стандарттары мен рәсімдерін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Іс-шара барысында тәуекел факторларын басқару процестері, авиациялық оқиғалар туралы есеп берудің құқықтық негіздері, міндетті, ерікті және құпия хабарламаларға қойылатын талаптар, Еуропалық комиссия басқаратын Еуропалық орталық репозиторийде (European Central Repository) деректерді сақтау, ECCAIRS 2 порталына шолу, EASA ұшу қауіпсіздігі жөніндегі деректерді басқару талқыланды. EASA жетекші сарапшылары – ұшу қауіпсіздігі тәуекелдері жөніндегі аға менеджер Айгарс Крастин мен қауіпсіздік жөніндегі кіші менеджер Екатерина Джансоне ұсынған ЕО қауіпсіздік тәуекел факторларын басқару процесінің элементтерін қарастырды.

Ұшу қауіпсіздігі мәселелерін дәріптеу бөлігінде EASA жетекші сарапшылары қауіпсіздік мәселелерін дәріптеу жөніндегі үйлестіруші Ингви Ингвасон және қауіпсіздік мәселелерін дәріптеу мәселелері жөніндегі бизнес-серіктес Антонио Гонсалес-Гомес тәуекелдерді басқарудың кешенді тәсілі шеңберінде саланың мүдделі тараптарымен ұшу қауіпсіздігі мен коммуникация деңгейін арттыруда ұшу қауіпсіздігін ілгерілету бойынша тәжірибелерімен және жалпы жұртшылық пен жергілікті мәдениеттің мүдделерін ескере отырып ұшу қауіпсіздікті ілгерілету үшін әртүрлі мазмұн түрлерін әзірлеу тәсілдерімен де бөлісті.