26/04/2024
2024 жылғы 23-25 сәуір аралығында "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-да үш күндік семинар өтті, оның барысында Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) әуеайлақтар департаментінің мамандары тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері үшін әуежай пайдаланушыларының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуін сертификаттау және қадағалау жүйесі бойынша Еуропалық Одақ заңнамасының талаптарын таныстырды. Бұл семинар EASA-мен ұшу қауіпсіздігі саласында қол қойылған үшжақты келісім шеңберінде өткізілді.
Семинар барысында сертификаттық ерекшеліктер, әуеайлақтардың сертификаттық базисі, әуеайлақ бойынша басшылыққа қойылатын талаптар, қадағалау бағдарламасын қалыптастыру және орындау, оның тиімділігін арттыру, әуеайлақтардың сертификаттауын, аудиттері мен инспекцияларын жүргізу, авиациялық инспекторларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын талаптар мәселелері талқыланды. Бұдан басқа, Еуропа елдеріндегі әуеайлақ ауданында объектілердің құрылысын бақылау және мониторингілеу және қызметті жүзеге асыру рәсімдері мен талаптары қаралды. Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын ЕО заңнамасымен үйлестіру мәселелері және бұл ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, Қазақстанның азаматтық авиациясындағы реттеу тиімділігін жақсартуға қалай ықпал етуі мүмкін екендігі талқыланды.