02/05/2024
Еуропалық Одақтың авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (IKAO) еуропалық және Солтүстік Атлантикалық аймақтық филиалының Таяу Шығыс IKAO аймақтық Бюросымен Кельндегі (Германия) EASA штаб-пәтерінде Азаматтық авиациядағы Қоғамдық денсаулық сақтау оқиғаларын алдын алу және басқару (CAPSCA EUR/MID/11) ынтымақтастық механизмі бойынша бірлескен отырысын өткізді.
Кездесуге 20-дан астам қатысушы елдердің өкілдері: авиациялық-медициналық сарапшылар, азаматтық авиацияны реттеу және денсаулық сақтау органдарының сарапшылары, әуежайлар мен әуе компаниялардың өкілдері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ), EASA, Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (ECDC) және басқа CAPSCA мүшелері мен серіктестері, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптар қатысты.
Кеңес қатысушыларға қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы болашақ оқиғаларға дайындықты жоспарлау кезінде CAPSCA бағдарламасын енгізу мәселелері бойынша белсенді түрде тәжірибе алмасуға, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларда қызмет жоспарларын әзірлеу тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік берді.
Аталған кеңеске Қазақстанның авиациялық әкімшілігі авиациялық медицина Департаментінің Директоры Альмира Бердіонгарова және адам факторы жөніндегі техникалық маманы Хорлан Әшімова қатысты. Бердіонгарова Альмира қатысушыларға азаматтық авиациядағы Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оқиғалардың алдын алу және басқару бойынша Қазақстан Республикасында қолданылатын ынтымақтастық механизмін бойынша презентация ұсынды.
Кездесуге қатысушылармен қарым-қатынас басқа қатысушы елдердің Азаматтық авиациядағы денсаулық оқиғаларының алдын алу және басқарудың бірлескен механизмін (CAPSCA) енгізу тәжірибесін түсінуге және зерттеуге мүмкіндік берді.
Іс-шара мүдделі тараптар, соның ішінде денсаулық сақтау органдары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға, IKAO серіктес-мемлекеттерінің қоғамдық денсаулыққа әсер ететін және авиациялық жұмысты бұзуы мүмкін тәуекелдерді азайту үшін қоғамдық денсаулық сақтау іс-шараларына дайындықты жоспарлау және үйлестіру бойынша күш-жігерін нығайтуға мүмкіндік берді.