Кіру

Басты бет >
ЕАЭО елдерінің мамандары авиациялық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

20/11/2021

Еуразиялық экономикалық комиссия жанындағы көлік апталығы аясында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша пленарлық отырыс өтті. Аталған конференцияға Ресей Федерациясы, Қазақстан, Белоруссия, Армения және Қырғызстан мамандары қатысты.


Отырысты Ресейдің көлік саласын қадағалау жөніндегі Федералдық қызметтің басшысы Виктор Басаргин ашты. Қазақстан делегациясының құрамында "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаментінің директоры Дархан Катышев, Авиациялық қауіпсіздік департаменті қауіпті жүктер бойынша басқармасының бастығы Данияр Қанлыбаев, Авиациялық қауіпсіздік департаментінің бас инспекторы Ардақ Беделбаев қатысты.


Конференцияда авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ИКАО-ға тексеру жүргізу тәжірибесімен алмасу және мемлекеттік инспекторлардың авиациялық қауіпсіздік саласында практикалық даярлықтан (OJT) өтуі мәселелері қаралды. Үздік тәжірибелерді қалыптастыру және ұлттық саясатқа енгізу.


Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы цифрландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша пікір алмасу болды.


Отырыс нәтижелері бойынша тиісті қарар қабылданатын болады. Конференцияға қатысушылар авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап, қарарда төмендегілерді атап өтуге келісті:


1. Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты жұмыс тобын құрудың орындылығы туралы.
2. Біздің елдеріміз арасындағы авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайту және дамыту туралы.
3. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы тексерулердің әмбебап бағдарламасы шеңберінде үздіксіз мониторинг тетігіне қатысты ИКАО мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өкілдерінің арасындағы тиімді өзара іс-қимыл.

Мұндай конференцияларды жыл сайын ротациялық режимде өткізуге келістік.