12/09/2024
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду бастаған қазақстандық делегация Тәжікстандағы азаматтық авиацияның 100 жылдығына және Тәжікстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 33 жылдығына арналған іс-шараға қатысты. Сапар барысында Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің директоры Назарзода Хабибулло мырзамен кездесу өтті.
Бас директор Каталин Раду құттықтау сөзінде Тәжікстан Республикасының азаматтық авиациясының 100 жылдығымен тәжік әріптестерін шын жүректен құттықтап: «Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастар әрқашан достық рухымен, өзара құрметпен және стратегиялық серіктестікпен ерекшеленеді» – деп атап өтті.
Назарзода мырзамен келіссөздер барысында ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде Еуразиялық Азаматтық Авиация Конференциясы (EACAC) аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл платформа халықаралық аренадағы мемлекетіміздің позицияларын нығайтуға және мемлекетаралық бірлескен бастамаларға негіз болады. Тәжікстан мен Қазақстан авиациялық билік органдарына авиация саласындағы негізгі мәселелерді жедел талқылауға және шешуге мүмкіндік береді.
Кездесу барысында ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығы және азаматтық авиация саласындағы өзара тиімді серіктестікті нығайтуға деген ортақ ұмтылыс атап өтілді. Тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға және екі елде де авиация саласының дамуына жәрдемдесуге бейілділігін растады.