30/06/2026
Қазақстанда 2050 жылға дейінгі Азаматтық авиацияны дамытудың бас жоспарын (CAMP) әзірлеу жөніндегі жоба аясында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) сарапшылары жұмысын жалғастыруда. Осы жоба шеңберінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде ИКАО сарапшыларының, ҚР Көлік министрлігінің және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ұйымдастыруымен «CAMP әзірлеу барысында сыртқы ортаны стратегиялық талдау» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың негізгі модераторлары ретінде ИКАО-ның CAMP жобасының үйлестірушісі Луиза Столс және ИКАО-ның әуежайларды жоспарлау жөніндегі сарапшысы Маурисио Гутьеррес сөз сөйледі.
Іс-шараға әуе компанияларының, әуежайлардың, аэронавигациялық қызмет көрсету ұйымдарының, авиациялық техниканы техникалық қызмет көрсету және жөндеу ұйымдарының, сондай-ақ авиациялық оқу орталықтарының өкілдері қатысты. Семинар барысында қатысушылар халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын PESTLE және SWOT әдістемелерін пайдалана отырып, стратегиялық сыртқы ортаға талдау жүргізді.
Бірлескен жұмыс барысында Қазақстанның азаматтық авиациясының дамуына әсер ететін негізгі саяси, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, құқықтық және экологиялық факторлар айқындалып, саланың күшті және әлсіз тұстары, даму мүмкіндіктері мен ықтимал қауіптері жан-жақты талданды.
Семинар барысында алынған нәтижелер Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын қауіпсіз, орнықты және тиімді дамытуға бағытталған стратегиялық басымдықтарды айқындауға және ұзақ мерзімді даму көзқарасын қалыптастыруға негіз болады.